ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №48 САНАТОРЛЫҚ СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» КМҚК
07-10-2022 12:13
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №48 САНАТОРЛЫҚ СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ» КМҚК

Алмагүл Негматқызы Шарипова

 

Тәрбиеші мектепке дейіңгі педагогика және психология

 

«Мектепке дейінгі мекемеде зерттеушілік   әрекетін ұйымдастыру»

 

Мектепке дейінгі мекемеде зерттеушілік   әрекетін ұйымдастыру.

Мақсаты:

●Балалардың оқып білу үрдісінде зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

●ақыл іс-әрекет қабілетін қалыптастыру және өзінің танымдылық іс-әрекетін құруға жағдайлар жасау.

●салыстыру және талқылау ақыл қабілеттерін дамыту;

●балалармен зерттеушілік тәжірибені қалыптастыру;

●болашақта өзгерістерді болжауға қабілеттерін дамыту;

● ұқылыптылыққа тәрбиелеу.

Бүгін мемлекеттің қойылған басты мақсаты, тіпті жаңа ұрпақ дайындау: белсенді, зерделі. Мектепке дейінгі мекемелер білім берудің бірінші сатысы болып саналады. Балабақша түлегі қандай болу керегін, қандай қасиеттерге ие болу керегін бағдарламада анық көрсетілген.  Инновациялық педагогикалық технологиялар қолдана отырып, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады

Инновациялық педагогикалық технологиялардың ең тиімді әдісі – зерттеу. Зерттеу технологиясы заманауи гуманитарлық технологияның бірі. Бұл мектепке дейінгі мекемеде инновация болып табылады. Осы әдіс өзекті және ең тиімді, өйткені, балаға алған білімін тәжірибелеуге, талдауға мүмкіндік береді, шығармашылық қабілетін және коммуникативтік дағдысын дамытады, сонымен қатар балаға мектепте табысты икемделуге жол ашады.

            Қытай мақалында былай айтылған: «Айтсаң - мен мұтамын, көрсетсең - мен есімде сақтаймын, танып көруге берсең - мен түсінемін». Егер, балалар  өзі естісе, көрсе және істесе бәрін нақты және толық меңгереді. Сондықтан, балабақшаның жұмыс жүйесінде зерттеушілік  іс-әрекеті өзінің орнын алды. Өйткені, әрбір бала кішкентай зерттеушілік, ол айналадағы әлемді қызығушылықпен, қуанышпен, таң ғажайыппен ашады.  Бала айналадағы әлемді танып білуге тырысады, белсенділігін арттады. Осындай іс-әрекетті уақытында қарап, арманқарай дамытуға жол ашу керек. Балалардың іс-әрекеті толық және әртүрлі болса, олардың бірінші шығармашылық көріністері жарыққа шығады, балалардың дамуы  да табысты болады.

Зерттеу - бұл белгіленген мақсатқа жету үшін алдын-ала жоспарланған практикалық іс-әрекет және кезең бойынша бала  айналадағы ортаны меңгеруге ұйымдастырылған педагогикалық әдіс.. Оны шешу үшін әртүрлі бағытта зерттеушілік ізденіс керек. Зерттеушілік ізденістің нәтижесі талқыланады,біріктіріледі.   Зерттеу әдісі – бұл педагогикалық технология, оның өзегі балалардың зерттеушілік, танымдылық, продуктивтік өзіндік іс-әрекеті. Осындай үрдісте бала айналадағы әлемді танып біледі, жаңа білімдерін іске асырады. Зерттеу іс-әрекеті педагогикалық технологиялардың бірін көрсетіп,  жиынтық зерттеушілік, ізденіс, мәселе, шығармашылық әдістерді біріктіреді.  

 Ең маңызды мақсаты оқу-тәрбие   процессінде  зерттеушілік   қабілеттерін  қалыптастыру  және  арттыру, одан шыққан  міндеттер  ақыл іс-әрекет қабілетін қалыптастыру және өзінің танымдылық іс-әрекетін құруға жағдайлар жасау,салыстыру және талқылау  қабілеттерін дамыту,ұқылыптылыққа, шыдамдылыққа      тәрбиелеу. Осы әдістемелік нұсқауда көп көңіл бөлінген мәселе таным саласы бойынш алынған.

      Бұл әдістемеде зерттеулерге көп көңіл бөлінген.Мектепке дейінгі мекемелердің ересек жастағы балалардың танымдық сауаттылығын ашу оқу әрекетінде пайдалануға ұсынылады. Зерттеулер балаларға түсінікті,әрі тиімді.Әр зерттеу жеңіл мақсаттан басталып, күрделене береді.

Балалар бұл мәселерді  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде пайдаланғанда,қолдана біліп ,шеше алды.

Зерттеу әрекеті  балаға не береді.

Олар өздерінің, құрдастарының істеріне әділ баға бере алады

Өзін–өзі бақылау, өзін–өзі бағалау қабілеттері артады

Балалар мәселені қабылдайды, мақсатты анықтайды

Іс-әрекеттің нәтижесіне жету үшін қажетті ортаны таңдай біледі

Зерттеуге қатысып, мәселені шешуге тырысады.

       Осы әдіс өзекті және ең тиімді, өйткені, балаға алған білімін тәжірибелеуге, талдауға мүмкіндік береді, шығармашылық қабілетін және коммуникативтік дағдысын дамытады, сонымен қатар балаға мектепте табысты икемделуге жол ашады.