ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог-психологтердің шығармашылық тобының отырысы
31-01-2023 09:42
Педагог-психологтердің шығармашылық тобының отырысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Тәрбие алаңы» облыстық жобалық кеңсесімен бірлесіп шығармашылық топтардың отырысын өткізді. № 2, 7, 21, 26, 27, 32, Қ. Бекхожин атындағы, М. Жүсіп атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтері қатысты.

Отырыста Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Үздік педагог - психолог - 2023» байқауының, инклюзивті білім беру бойынша шебер-сағатын өткізу жоспары және мерзімдерімен таныстырды. «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал», «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік инновациялық материалдар», «Инновациялық тәжірибе-2023» қалалық байқауларға дайындық және қатысу бойынша түсініктеме берді.

Карпова Ирина Владимировна, педагог-зерттеуші, № 26 ЖОМ психологі, педагог-психологтердің қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі облыстық психологтердің жұмыс тобының мүшесі әртүрлі санаттағы балалармен жалпы тақырып бойынша шағын топтарда жұмыс істеуді ұсынды.

Педагог-психологтер 4 шығармашылық топта әдістемелік құралдар жасау бойынша жұмыс істеді, «Білім беру үдерісіне қатысушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту» тақырыбы анықталды. Топ бөлігінде мамандар өздерінің зияткерлік өнімдерін 4 бағыт бойынша құра бастайды. Шығармашылық топтарға қатысушылардың чаты құрылды, мақсаттар мен міндеттер, материалдарды жинау және өңдеу мерзімдері анықталды. Келесі отырыс ақпан айында өтеді.