ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
21-02-2023 09:43
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен  15 жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы  шығарылды. Облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9 - 11 сыныптың 635 оқушысы, олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Олардың қатарында  Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 56 оқушы үздік болу құқығы үшін күресті.

Олимпиада 2023 жылғы 13 - 18 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы - математика, информатика, физика, химия, биология, география және қоғамдық-гуманитарлық - қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын, неміс француз тілдері пәндері бойынша 2 турда өткізілді.

Облыс қалалары арасындағы олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының құрама командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2023» номинациясы бойынша танылды. 56 қатысушының ішінен жүлделі орындарды Павлодар қаласы мектептерінің 40 оқушысы иеленді, оның ішінде I орын - 7, II орын - 10, III орын - 23.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау және жабылу  рәсімі Естай атындағы ҚМС өтті. Торайғыров университетінің білім гранттары олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 11 сынып оқушылары Қабыл Нұрдәулетке (№ 33 ЖОМ) және Семенов Александрға (А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей) табыс етілді. Павлодар педагогикалық университетінің гранттарын Ботай Амандық (№ 29 ЖОМ) және Колодин Максим (А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп) алды. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары наурыз айында Республикалық олимпиадаға - қорытынды турға қатысады.