ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыс
21-02-2023 09:48
Мектептегі кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыс

     Кәмелетке толмағандар арасында  профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында 2023 жылғы 17 ақпанда  қаланың  № 5, 26, 30, 32, 36, 43, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей, Малайсары батыр атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы  атындағы, С. Торайғыров атындағы, Ж. Тәшенев атындағы 12 мектеп  оқушыларымен кездесу өтті. Ұйымдастырушы «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы болып табылады.

     Іс-шараға Павлодар қаласының Солтүстік  ішкі істер бөлімінің полиция капитаны Қалқамбеков Калан Дабылбекұлы, № 7 мектеп директорының орынбасары Шамшарив Балапан қатысты.

       Оқушылармен әңгімелесу барысында құқық қорғау органдарының өкілімен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, олардың өміріне қауіп төндіретін қиын өмірлік жағдайға қалай түспеу керектігі, құқық бұзушылықтар үшін  жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді. Көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, жаман әдеттердің қауіптілігі туралы ұсыныстар берілді. № 7 мектеп директорының орынбасары оқушылардың сабақтан тыс уақытта бос уақытын өткізуге, қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерде, спорт секцияларында, іс-шараларда бос уақытын өткізу мүмкіндіктеріне назар аударды.

    Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу қорытындысы бойынша викторина өткізілді, онда әртүрлі проблемалық жағдайларды шешуге арналған сұрақтар қойылды. Кездесу қызықты әрі мазмұнды  өтті.