ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кітап - білім көзі
21-02-2023 10:20
Кітап - білім көзі

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен желтоқсаннан ақпанға дейін Д. Әбілев атындағы бұқаралық кітапханамен бірлесіп «Кітап - білімнің қайнар көзі» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Жобаның мақсаты - оқу мәдениетін, көркем, классикалық әдебиеттерді оқу дағдыларын қалыптастыру. Жобаға Павлодар қаласының 22 жалпы білім беру  мектебінің 5 - 6 сыныптың 29 оқушысы үш турға қатысты.

Бірінші тур қазақ ақыны және жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналды. Сонымен, № 17 ЖОМ 6-сынып оқушысы Секенова Аида автордың «Жігерлендіру», «Күрескерлік рухыңды өлтірме», «Мені неге Мұхтар қойған», «Алтын күміс және қалайы», «Достық пен махаббат», «Намыссыз дарын сатқындығы», № 40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Сағынғанова Айзера - «Отырар дастаны» өлеңін жатқа оқыды. № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Сердюкова Алена - «Төрт ана», М. Әлімбаев атындағы ЖОМ  5 сынып оқушысы Фланчев Алефтина  - «Жаяқпен жүздескен» өлеңдерін қазақ тілінде орындады.

Екінші тур қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына арналды. № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Секенова Аида «Ана» пррозасынан монолог, № 26 ЖОМ 5 сынып оқушысы Төлеген Іңкар «Ана қаһары» әңгімесінен монолог, М. Әуезов атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Рахат Мақсат «Ұлпан - оның есімі» романынан үзінді жатқа оқыды.

Үшінші тур Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды. Қатысушылар «Көксерек» әңгімесі бойынша эссе жазды. Жоба қорытындысы бойынша № 17, 26, 2, 24, 35, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекхожин, М. Жүсіп атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, № 7, 21, 26, 29, 40, М.Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ жүлделі орындарға ие болған 17  қатысушы  Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды, қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.