ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық тәжірибені ұсынамыз
22-02-2023 14:09
Инновациялық тәжірибені ұсынамыз

   Бірнеше жылдан бері Павлодар қаласындағы Б. Момышұлы атындағы ЖОМ  С. Торайғыров атындағы университетінің профессоры Амангелді Рақышұлы Бейсенбаевтың жетекшілігімен «Этномәдени білім және тәрбие» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Бағдарламаның мақсаты - мектептің ресурстық әлеуетін дамытуға негізделген оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жағдайларын меңгеру шеңберінде оқушылардың әлеуметтік мобильділігін көрсету үшін барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жетілдіру.  Этномәдени білім беруде жобалық іс-шараларды жүзеге асыру арқылы кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру.

  Негізгі нәтиже - ата-аналар мен оқушылар арасындағы білім беру қызметінің сапасына қанағаттану; облыстың білім кеңістігінде жоғары рейтингі, азаматтық ұстанымы бар функционалдық құзыретті тұлға ретінде табысты түлек. Мектептегі білім беру жағдайында этномәдени білім беру екі бірдей міндетті шешуге бағытталған: өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетін меңгеру және басқа мәдениеттердің құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бағдарламаның бағыттарының бірі - қазақ халқының биік жетістіктерін, құндылықтары мен салт-дәстүрлерін адамгершілікті құрметтей алатын тұлғаны тәрбиелеу.

   Білім алушыларға этномәдени тәрбие беру бойынша одан әрі жұмыс қазіргі кезеңдегі этномәдени білім берудің жаңа аспектілерімен және білім алушылардың  әлеуметтік ұтқырлығын, яғни алған білімдерін стандартты емес өмірлік жағдайда қолдана білуді, өз өнерлерін көрсетуге дайындығын және қажеттілігімен байланысты азаматтық, патриоттық, тұлғалық қасиеттерқалыптастыру. Мектеп соңғы 5 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Этномәдени білім мен тәрбие» тақырыбы жаңартылды. 2023- 2028 жылдарға арналған мектепті дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданды.

   Бағдарлама аясында бірнеше жылдан бері этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогикалық және әдістемелік кеңестер өткізіліп келеді. Бұл кеңестерде мектеп мұғалімдері өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын қалыптастыратын сабақтар мен сынып сағаттарын әзірлеуге этномәдени компонентті енгізу тәжірибесімен бөліседі.

   Мектепте қыздарға арналған «Аққу» клубы жұмыс істейді, онда қыздар ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды үйрену арқылы рухани құндылықтарды қалыптастырады. Домбыра үйірмесі домбыра арқылы оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін оятады; отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. «Алтын ине» үйірмесі балаларды туған жерге, дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

   Аталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында мектепте «Этномәдени білім және тәрбие» тақырыбында сараптамалық кеңес өтіп, оған қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, қала мектептері директорларының орынбасарлары шақырылды.

   Іс-шара пленарлық бөліммен басталды. «Мектепте этномәдени ортаны қалыптастыру» тақырыбында мектеп директоры М. К. Мамбетова., мектептің ғылыми жетекшісі А. Р. Бейсембаев., Г. О. Майбасова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тыңдалды. Мұғалімдер математика, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, музыка пәндерінен ашық сабақтар арқылы білім алушылар  арасында этномәдени құндылықтардың дамуын көрсетті (мұғалімдер: Амирова С. Б., Турсынкулова Ж. Қ., Галямова С. М., Рахымжанов С. Қ., Джакова Қ. С., Керей Ж. Қ., Садбекова Г. А., Тайгулин Д. А. ). Ашық сабақтар топтамасын бастауыш сынып мұғалімдері де Шекебаева С. И., Тасымова А. Е., Зоркий Ж., Абетова Д. Б.) көрсетті.

  Этникалық өнердің этномәдени ортаны қалыптастырудағы рөлін мұғалімдер «Табиғат және арман» тақырыбындағы көрме (мұғалімі: Жампейісов Ж. Қ.), «Елорданың мифологиялық қырлары. Ұлы дала» элективті курсы бойынша шеберлік сыныбы арқылы көрсетті (мұғалімі: Баядилова М. П.), «Домбыра - қазақ халқының қазынасы» домбыра үйірмесінің жұмысы (үйірме жетекшісі: Орынбаев А. Ж.), «Қолонер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру» көркем шығармасы. (мұғалім: Шарапиденова Ж. Қ.), робототехника «Инженерлік зертхананың жұмысы» (мұғалім: Айгужинов Д. Е.), «Ұлттық тәрбие - құндылық бастауы» тақырыбында «Жігер» дебат клубы (мұғалім: Тайгулин Д. А.) өз жұмыстарымен бөлісті.

   «Оқуға-құштар  мектеп» жобасы аясында мектептің кітапханашысы Асылбекова Р. С. «Кітап - білім бұлағы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Қорытындылай келе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рысбек Е. «Этномәдени тәрбиені қалыптастыру факторлары» тақырыбында тәрбие жұмысының іс-шарасымен тәмамдады.

  Сараптамалық кеңестің қорытындысы шығарылып, онда мектептің инновациялық тәжірибесін облыстық деңгейде тарату бойынша ұсыныстар берілді.