ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің үздік дене шынықтыру мұғалімдері анықталды
27-02-2023 09:40
Қала мектептерінің үздік дене шынықтыру мұғалімдері анықталды

2023 жылдың 20-24 ақпан аралығында М.Әлімбаев атындағы ЖОМ «Ең үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2023» қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату, мадақтау және ынталандыру, кәсіби шеберлікті қолдау, білім беру үдерісін ұйымдастыруда заманауи технологияларды дамыту және енгізу. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті болып табылады.

Байқауға А. Шамкенов атындағы, № 17, 21, 24, 26, 29, 35, 39, 41, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, атындағы, М. Әуезов, Қ. Мақпалеев атындағы мектептерден 14 мұғалім қатысты.

Байқау ережесі бойынша қатысушылар «Жаңашыл-педагог» атты Рitch-презентация өткізді - өздерін және өз мамандықтарын, инновациялық идеяларды, педагогикалық жұмыс тәжірибесін жинақтау материалдарын, олардың нәтижелерін ұсынды. Сондай - ақ ашық сабақтар өткізді - сабақтарға инновациялық формалар мен әдістерді қолдану, өз сабақтарына талдау жүргізу және қолда бар сұрақтарға жауап беру.

Қазылар алқасының құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, қала мектептерінің мұғалім-шеберлері болды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 6 қатысушы ие болды және 4 қатысушы номинация иегерлері атанды.

Байқаудың бас жүлдесін М. Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі Дулат Суннатұлы Мұхамеджанов, I орынды - Сергей Сергеевич Дмитриев, № 26 ЖОМ мұғалімі, II орынды - Әсет Асылханұлы Мақажанов (№ 41 ЖОМ), Дарья Павловна Евсеева (№ 21 ЖОМ), III орынды - Саян Қаппасұлы Темірбаев (№ 17 ЖОМ), Сәрсенбаев Азамат Маратұлы (А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ) иеленді.

«Шабыт» номинациясының иегері А.Шамкенов атындағы лицей- мектебінің мұғалімі Азамат Мейрамұлы Қарғожинов, «Ізденімпаз» номинациясының иегері Мұрат Қайроллаұлына Сұлтанғазин (Ж. Ташенев атындағы ЖОМ), «Тәлімгер ұстаз» номинациясының иегері Людмила Викторовна Тереховаға (С. Торайғыров атындағы ЖОМ), Райымбек Қайыргелдіұлы Бахитовқа (№ 35 ЖОМ). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, байқау номинанттары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.