ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектебінде kids-coworking кітапханасы ашылды
27-02-2023 17:24
Павлодар мектебінде kids-coworking кітапханасы ашылды

   Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебі өзінің мерейтойлық, 85-ші оқу жылын «Заманауи мектеп» жобасы бойынша жөнделген ғимаратта бастады. Оқушылардың шығармашылығын дамыту және оқыту үшін жағдай жасау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінгі таңда мектепте kids-coworking кітапханасының салтанатты ашылуы өтті.

   Коворкинг - топтық сабақтар мен оқушыларды оқыту үшін арнайы жасалып, жабдықталған балалар кітапханалық кеңістігі. Коворкинг қызығушылықтары бойынша кітап оқуға, пәндер бойынша қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасауға, бірлескен шығармашылық жобаларды дайындауға және талқылауға арналған. Жаңа қажетті жабдықтармен және әдебиеттермен жабдықталған. Мұнда конференциялар, әдеби кездесулер, дамытушы үйірмелер, қызығушылық клубтарының отырыстары, шеберлік сабақтары өткізіледі.

  Kids-coworking ашылуына Павлодар қаласының білім бөлімінің, Павлодар қаласының славян орталығының өкілдері қатысты.

   - Мектеп тарихындағы осы айтулы күні павлодарлық ақындардың атынан гимназияның ашылу күнінен бастап 85-ші жылы оқу мәдениетін, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда табыс пен өркендеу тілеймін. Осыған назар аудара отырып, кітапхананың мектеп қорына «Спасибо всем,кто был со мной рядом» атты өлеңдер жинағын беремін, - деп өз сөзінде Славян орталығы басқармасының мүшесі, «Басни для взрослых» әндері мен өлеңдерінің авторы Людмила Николаевна Бевз айтып өтті.

  Бүгінгі таңда мектепте 2310 оқушы оқиды, кітапқоры 18775 дананы құрайды, оның ішінде 7320 қазақ, 11443 орыс тілдерінде және тағы 249 дана қазақ жазушылары Н. Мұраталиев, Б. Майлин, И. Есенберлин, С. Мұратбековтың жаңа кітаптарымен, шетелдік авторлар А. Дюма, О. Памук, Ж. Сименон, Ф. Ремп, Р. Риччидің шығармаларымен толықты. Іс-шараға қатысушылар үшін осы кітаптардың тұсау кесері өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар.