ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы оқушыларының вокалдық байқауы
28-02-2023 09:25
Павлодар қаласы оқушыларының вокалдық байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында 2023 жылғы 23 ақпанда «Жігерлі дауысы - 2023» қалалық инклюзивті байқауының бірінші туры өтті. Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 70-тен астам оқушылары мен клуб тәрбиеленушілері қатысты, олардың ішінде 10 бала ерекше білім беруді қажет ететін.

- Бүгін қалалық байқауға мектептер мен клубтардың көркемөнер ұжымдары мен солистері қатысады, байқау 2 турдан тұрады, бұл байқау Сіздердің жетістіктеріңіздегі тағы бір қадам болады және вокалдық өнер саласындағы таланттарыңыздың одан әрі дамуына ықпал етеді деп үміттенемін, - деп атап өтті «Жігер» клубының жетекшісі Үйсінбаева Гүлнар Қайыргелдіқызы.

Байқауға қатысушылардың өнерін Павлодар қаласы әдістемелік білім беру бөлімінің, балалар музыка мектебінің, «Баке Саке» тобының өкілдері бағалады.

Екінші турда 24 ақпанда 47 қатысушы балалар музыка мектебінде өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Алдаберген Мадина жеңіп алды.

І орынды «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының «Аѕ-сол» ансамблі, II орынды № 24 ЖОМ «Фантазеры» тобы, III орынды № 17 ЖОМ «Гармония» тобы иеленді.

Солистер арасында І орынды С.Торайғыров атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы 10 жастағы Галяева Диана, 10 жастағы «Жас Толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Тұрлыбек Адина, № 27 ЖОМ 11 сынып оқушысы Павлова Ратмила иеленді.

II орынды 6 жастағы «Жігер» клубының тәрбиеленушісі Саттарова Айлана, № 2 ЖОМ 6 сынып оқушысы Тілеухан Мұхаммед, 15 жастағы «Жас толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Амантаева Жансая иеленді.

III орынды 16 жастағы «Жас Толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Қайролла Әділхан, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Қанаш Рамазан, 10 жастағы «Жас Толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Жамбыл Нұрсая иеленді.