ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушылары математикадан бақ сынасты
28-02-2023 09:50
Бастауыш сынып оқушылары математикадан бақ сынасты

Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау мақсатында 2023 жылғы 24 ақпанда «Алтын сақа» қалалық математикалық олимпиадасы өткізілді. Павлодар қаласының 38 жалпы білім беретін мектебінің 3 - 4 сыныптың 193 оқушысы қатысты.

Олимпиадалық тапсырмалар екі бөлімнен тұрды - 10 тапсырмадан тұратын тест тапсырмасы және берілген 10 тапсырмадағы олқылықтарды толтыру.

- Математика - бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды пәндердің бірі. Бұл пән ерте жастан ойлауды, логиканы дамытуға көмектеседі, есептеу дағдыларын қалыптастырады, - деп атап өтті орталық әдіскері Айгүл Жылқыбайқызы Шакенова.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға 108 жас математик иеленді, оның ішінде I орын - 30, II орын - 29, III орын - 49 оқушы.

3 сынып оқушылары арасында І орынды № 7, 17, 21, 35, 36 (2), 39, 43, Ш. Шөкин атындағы, Қ. Бекқожин атындағы, М. Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді.

4 сынып оқушылары арасында І орынды № 2, 6, 7, 14, 17, 26, 35, 36 (2), 38, 39, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары 2023 жылдың сәуір айында облыстық олимпиадаға қатысады.