ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас математиктер республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінен өтті
28-02-2023 10:02
Жас математиктер республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінен өтті

Академик Ш. Смағұлов атындағы математика пәні   бойынша VI республикалық олимпиаданың I іріктеу кезеңіне Павлодар қаласының 38 жалпы білім беретін мектебінің 6 - 7 сыныптың 472 оқушысы және дарынды балаларға арналған облыстың 6 мамандандырылған мектебінің оқушылары қатысты. Олимпиада 2023 жылғы 19 ақпанда Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің олимпиадалық даярлау орталығымен бірлесіп өткізілді. Олимпиаданың мақсаты - математикадан дарынды балаларды қолдау және ынталандыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша өту ұпайын жинаған 42 оқушы екінші кезеңге жіберілді, оның ішінде Павлодар қаласының  № 27 (2), 29, 39, 43, Ш. Шөкин атындағы, А. Шамкенов атындағы, С. Торайғыров атындағы, Ж. Ташенев атындағы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептерден 10 оқушы. Олимпиаданың екінші кезеңі 2023 жылдың сәуір айында өтеді.