ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әбішевтің үздік оқырмандары анықталды
01-03-2023 10:15
Әбішевтің үздік оқырмандары анықталды

Облыстың  білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқаудың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 139 оқушысы қатысты. Павлодар қаласының Қ. Бекқожин атындағы, № 2, 25 (5), 33 мектептерінің 8 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық қатысушылар 2 жүлделі орын мен номинацияға ие болды. № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Бауыржан Азиза «Иллюстрация» бағытында І орынды иеленді. Ол Ә. Кекілбаевтың «Автомобиль», «Бәйгеторлар» әңгімелеріне иллюстрациялар салды.

«Мәнерлеп оқу» бағытында ІІІ орынды Қ. Бекқожин атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Шакарымова Адия иеленді. Ол «Ханша Дария» әңгімесінен үзінді оқыды.

«Сахналық қойылым» номинациясы бойынша «Махаббат мұнарасы» повесінен үзінді сахналаған № 25 ЖОМ командасы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  облыстың білім басқармасының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Маңғыстау облысында жазушының  туған жерінде өтетін республикалық байқауға қатысады.