ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың хореографиялық мүмкіндіктерін дамыту бойынша жұмыс
02-03-2023 10:03
Оқушылардың хореографиялық мүмкіндіктерін дамыту бойынша жұмыс

Оқушылардың хореографиялық мүмкіндіктерін, эстетикалық және мәдени тәрбиесін дамыту мақсатында республикалық «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өтті. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласының білім бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы. Байқаудың екі номинациясына қаланың 31 жалпы білім беретін мектебінен 305 оқушы қатысты.

«Халық биі және халықтық стильдендірілген би» номинациясында-әлем халқының биі, қазақ  биі  I орынды «Адай» қазақ халық биін орындағаны үшін № 21 мектептің «Шабыт» және «Назерке» қазақ халық биін орындағаны үшін № 43 ЖОМ «Royal kids» хореографиялық ұжымдары иеленді.

- Хореографиялық үйірмелердегі қыздар 1 сыныптан бастап айналысады. Қазір мектепте әрқайсысында 15 - 18 баладан 3 топ бар. Үйірме 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Үйірме бағдарламасында  халық және эстрадалық билер бар. Осы кезеңде «Қос-алқа» қазақ биі үшін «Gulnarfest» халықаралық онлайн-конкурсының, қазақ биін орындағаны үшін «DREAMFEST» халықаралық хореографиялық фестивалінің «Ақшағала» қалалық фестиваль-конкурсында II дәрежелі  лауреат болып табылады, - дейді № 21 ЖОМ хореографы Айсина Әлия Яминовна.

- № 43 мектептің «Ro yal kids» хореографиялық ұжымы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, ұжымда барлығы 2 - 11 сыныптың  35 қатысушы бар. Ұжымның репертуарында  беларусь, әзірбайжан, орыс халық билері бар. 2018 жылдан бастап республикалық, халықаралық конкурстарға қатысты. Мәселен, 2019 жылы Астана қаласында өткен «Живи танцуя» халықаралық байқауында I орын алды. 2021 жылы қашықтықтан қалалық байқауда II орын алып, «Best of the best» байқауының жеңімпаздары атанды, 2022 жылы «Жайдарлы жаз» қалалық жазғы байқауында II орын алды, - дейді хореограф Егорова Анастасия Алексеевна.

«Заманауи би» номинациясында - эстрадалық би, микс-би I орынды Б. Момышұлы атындағы мектептің «Best gerls» биі үшін «Шаттық» хореографиялық ұжымы иеленді.

- Мен хореографиялық үйірмеге 3 жылдан астам уақыт қатысып келемін және ұжымдағы атмосфераны, түрлі би бекеттеріне қатысуды, өз бетінше қатысуды және конкурстарда жеңіске жетуді ұнатамын, - дейді 5-сынып оқушысы, ұжым қатысушысы Смағұлова Арайлым.

№ 39, 40, 25, 26, 36, 29, 35, 43,  Ш. Шөкин  (2), М.Әлімбаев, М. Әуезов, Қ. Бекқожин, Малайсары батыр (2), А. Шамкенов, А. Бөкейхан, С. Торайғыров атындағы мектептің хореографиялық ұжымдары жүлделі орындарға ие болды.

«Үздік хореографиялық қойылым» номинация иегерлері № 7, 17 мектеп, «Би қойылымының өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясына - № 32, Жетекші ЖОМ, «Сахналық шеберлігі үшін» номинациясына - № 11, М. Жүсіп атындағы мектеп иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ақ шағала» фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне өтті.