ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Мектепке жол" акциясы
01-08-2017 08:44

  2017 жылдың тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында Павлодар қаласында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. 
   Ағымдағы жылы акция «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» атты ұранымен өтеді. 
    Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
   2017 жылы акция шеңберінде дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда, компьютерлік клубтарда «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралар өткізіледі. «Бақытты балалық шақ мекені», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Нарықтағы бағадан төмендетіп сататын кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелер және көшпелі автодүкендердің өткізілуі жоспарланған.
     Егер Сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, тіленші, панасыз қалған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтермен хабардар болсаңыз, 8 (7182) 32-77-80 балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің шұғыл желі телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.