ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
САХНАДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
31-10-2017 06:55

        М.М. Катаев ат. облыстық Оқушылар сарайында 31 қазанда «Золотой микрофон» облыстық байқауы өтті. Байқау мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, жүргізушілердің дайындық сапасын көтеру.
    Бірінші іріктеу турында қатысушылар «Мен Ертіс өңірінде дүниеге келдім» құттықтау сөз ұсынды,тұсау кесер кезінде қала мектептерінің 14 оқушысы өздерінің әртістік қабілетін,шеберлігін көрсетті.  Байқау қатысушылары екінші финалдық турда шараны үш тілде жүргізу және үлкен сахнада өзін ұстай білу іскерлігі көрсетілді.Бағалаудың басты критерийі дұрыс дикция, әртістілік, суырып салма өлеңіне, аудиториямен сезімдік байланыс қабілеттілігі.                                                           Байқау қорытындысы бойынша кіші топта 2 орынды № 43 мектеп оқушысы Гончарова Мария,орта топта 3 орынды № 2 мектеп оқушысы Өсербай Серікжан жеңіп алды.