ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық мектеп спартакиадасының облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы
16-01-2018 09:38
Республикалық мектеп спартакиадасының облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы

2018 жылдың 13 - 14 қаңтарында   «Sport FEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының өңірлік іріктеу турнирі облыстың қалалары мен аудандарынан 200 жуық қатысушыларды қабылдады. Спартакиада жалпы орта білім беру мектептерінің 8 - 10 сынып оқушылары арасында шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол (қыздар), футзал (ұлдар), үстел теннисі және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өтті. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстану, көшбасшылық дағдыларды дамыту. Шара бас серіктестік «Самрұқ Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының коммуникативті белсенділік және стратегиялы Қорымен бірлесіп, облыстық білім басқармасымен «Менің Елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасын жүзеге асыру негізінде өтті.

Павлодар қаласының оқушылар құрамасы баскетбол бойынша жарыста І орынға ие болды.

Футзал бойынша І орынды Кенжекөл ЖОМ, ІІ орынды - № 2 ЖОМ, ІІІ орынды - № 25 ЖОМ оқушылары алды.

Шахмат бойынша қыздар арасында ІІ орынды № 25 ЖОМ оқушысы   АдинаИщанова, бозбалалар арасында ІІІ орынды - № 11 ЖОМ оқушысы Нартан Кертаев алды.

Тоғызқұмалақ бойынша бозбалалар арасында ІІІ орында № 7 ЖОМ оқушысы Сұлтан Смағұлов, қыздар арасында № 19 ЖОМ оқушысы Аружан Абдрахымова алды.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Павлодар қаласының № 17 ЖОМ оқушыларының командасы ІІІ орынға ие болды.

Турнир жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші орын иегерлері Щучинск қаласындағы «Болдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтетін «Sport FEST Kazakhstan»республикалық спартакиадаға қатысады.

Бұған қоса, «Самрұқ Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры турнир өткен Павлодар қаласының № 16, 25, 29 мектептеріне, дарынды қыз балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернатына жалпы сомасы 266,9 мың теңге сомасына спорттық жабдықтар берілді.