ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас құзға шығушылармен тау шыңдарын бағындыру
17-01-2018 10:57
Жас құзға шығушылармен тау шыңдарын бағындыру

«Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру көлемінде 2018 жылғы 14 қаңтар күні «СЮТур» балалар аула клубы негізінде Павлодар қаласы экология және туризм Орталығы тәрбиеленушілерінің шыңға өрмелеу бойынша біріншілігі өткізілді. Жарыстарға 10 жасқа дейінгі, 11 - 13 жас, 14 - 16 жас аралығындағы, 17 жас және одан астам жасындағы жас шыңға өрмелеушілердің 90 астамы қатысты.

Қашықтыққоюшылары «Вертикаль» клубының ересек тәрбиеленушілері Данил Кремер және Виктор Родькин болды. Кіші спортшыларға жұп шабандозы үлгісіндегі «Жылдамдыққа өрмелеу» қашықтығынан өту берілсе, орталықтың ересек шыңға өрмелеушілеріне «Күрделілік» қашықтығынан өту ұсынылды.

Біріншілік қатысушылары «Вертикаль»,  «Вершина»,  «Колибри»,  «Пирамида»,  «Вертикаль 2», «Усольский  меридиан» балалар клубтарының шәкірттері спорттық шеберлігі мен спорттық шыңға өрмелеу дағдыларын көрсете білді. Әрқайсысы жағымды әсер алып, қуат алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орталық грамоталары және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Павлодар қаласының 14 жалпы орта білім беру мектептері (№ 1, 5, 14, 16, 17, 19, 25, 29, 34, 36, 39, 41, 42, 43) 3-11 сынып оқушыларының 400 астамы Орталықтың 9 клубында туризм және шыңға өрмелеумен шұғылданады. Тәрбиеленушілер қатарында халықаралық жарыстардың 7 жеңімпазы, республикалық жарыстардың 58, облыстық жарыстардың 157, қалалық жарыстардың 135 жеңімпаздары бар.