ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ресейде өткен халықаралық байқаудың дипломанттары
18-01-2018 09:12
Ресейде өткен халықаралық байқаудың дипломанттары

А. С. Пушкинның 218-ші туған күніне арналған XIII халықаралық      «А. С. Пушкин балалар көзімен» атты сайыстың қорытындысы белгілі болды. Сайыс Ресейдің Мәскеу обласы Захарово-Вяземы қаласында өтті. Сайыс ұйымдастырушысы А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік тарихи-әдеби мұражай-қорығы болып табылады. Байқауға Ресей, Түркістан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Украина сияқты аймақтардың 5 және 17 жас аралығындағы балғын суретшілерінің 9000 мыңға жуық суреттері ұсынылды, солардың қатарында Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектеп оқушыларының 34 жұмысы да ат салысты. Мектебіміздің барлық қатысушыларының жұмыстары халықаралық қазылар алқасымен атап өтіліп, оқушылар дипломдармен марапатталды. Ал бұл дипломдар қатысушыларға Мәскеу облысы Захарово-Вяземы қаласындағы А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік тарихи-әдеби мұражай-қорығын  2018 жыл көлемінде тегін аралау құқығын бере алады.  

Оқушыларымыздың ең танымал тақырыптары Пушкин ертегілері мен шығармалары, сондай-ақ ақынның балалық, балғын шағы, Пушкин және бала күтушісі, Пушкиннің оқып отырған сәті,  Пушкин-лицеист, сонымен қатар ақын шығармашылығына сүйене орындалған пейзаж болып табылады.    Ал олардың мазмұнын «Алтын балық», «Лукоморье», «Аққу-ханшайым», «Оқымысты мысық» жұмыстары көрсете білді. Педагог Александра Станиславовна Ловина-Самошкинаның 13 жастағы тәрбиеленушісі Данил Пахомовтың пастельмен орындаған «Дуэль» жұмысы ақын өмірінің ең қайғылы сәтін бейнеледі. Осы жолы педагог Валентина Петровна Степанконың басшылығымен акварель техникасы арқылы әшекей жазу арқылы орындаған оқушылардың «Алтын әтеш», «Ертегілер әлемінде», «Сиқырлы тәрелке» жұмыстары өте қызықты және ерекше болып көрінді.