ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту
18-01-2018 09:15
Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен 2018 жылғы 16 қаңтарда № 14 ЖОМ  білім беру мазмұнын жаңарту жұмысының шеңберінде 1 сыныптарда жұмыс істейтін бастауыш сынып  мұғалімдеріне арналған «Білім сапасын арттыру жағдайы ретінде оқытудағы әдістерді, түрлерді және мазмұнды жаңарту» семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - мұғалімдердің жұмыс тәжірибиесінен жаңартылған мазмұны бойынша сабақ беру ерекшеліктерімен алмасу, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын құрастыру. Семинарда қаланың жалпы білім беру мектептерінің 40-тан астам мұғалімдері қатысты.

Семинар модераторы білім беру бөлімінің әдіскері Ш. Ш. Кайыргазина, критериалды бағалау бойынша тренер С. Жазкей, қалалық шығармашылық топтың жетекшісі Н. Мұнсызова сөз сөйледі. Семинарда сабақтарды үлгілеу бойынша ұсыныстар шығарылды, тәжірибиелі педагогтердің материалдарды,  сабақтарда оқушылардың әрекетін және уәжін ынталандыруы, кері байланысты ұйымдастырылуы қарастырылды.  Тоқсандар және бөлімдер бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастырудағы топтардың жұмысы құнарлы өтті. Семинар материалдары, критериалды бағалаудың құрастырылған тапсырмалары және ұсыныстары бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибиеде қолдануға арналған жинақта ұсынылады.