ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әкем, анам және мен - спорттық отбасы
12-07-2018 09:12
Әкем, анам және мен - спорттық отбасы

2018 жылғы 10 шілдеде Гагарин атындағы саябақта «Жігер»  балалар- жасөспірімдер клубының педагогтары «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-мен бірлесіп «Әкем, анам және мен - спорттық отбасы!» атты спорттық ойын өткізді. Мақсаты - ата-аналардың назарын балалармен бірге дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, оң эмоциялар дамуына, өзара көмек көрсету сезімін арттыруға, күштілікке, ептілікке, төзімділікке, дене сұлулығына қол жеткізу құралы ретінде дене шынықтырудың маңызын насихаттау, балалар мен ересектер үшін қызықты ойындар.

Команда құрамына әке, шеше және бала кірді. Барлығы 12 отбасы қатысты. Жарыс бағдарламасы  спорттық эстафеталармен қамтылды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Өркен» балалар жасөспірімдер клубынан Айтмуратовтар жанұясы I орынды  иеленіп мультиваркамен марапатталды, ІІ орынды - Акимбаевтар отбасы («Дос» клубы, шәй сервизі), ІІІ орын - Жумалиновтар отбасысы иеленді («Бірлік» клубы,  ойын шатырымен марапатталды). Сондай-ақ, барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.