ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» лагері достарын қарсы алды
17-07-2018 09:44
«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» лагері достарын қарсы алды

Жаз толық күшіне енген кезінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын қамтамасыз етуі үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатында, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркы аумағында Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 110 оқушыларына арналған «Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» жазғы көшпелі лагері өз жұмысын бастады.
Лагер ұйымдастырушысы «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ, лагерді қабылдаушы Павлодар облысы үздік демалыс аумақтарының бірі - «Елқоныс» ОДК болды.
Лагер жұмысының бағдарламасы экология, туризм, өлкетану бағыттары бойынша спорттық-сауықтыру, зияткерлік-танымдық шаралардың кешенін қамтыды.
Жайлы бөлмелерге орналасып, дәмді ас тамақтанғаннан кейін лагер қатысушылары Жасыбай батырдың моласы аумағына тарамдалған шығуға бет алды. Мұнда есімі аңызға айналған жауынгер, Баянаула жерінің шығу-тегі туралы әңгімелермен танысты. Жас туристер, экологтар, өлкетанушылар аумақты қоқыстан тазарту бойынша «Таза үй-таза ғаламшар» экологиялық акциясын өткізді.
«Кел, достасайық!», «Danceparty» шаларына қатысу қатысушылардың бір-бірімен тіл табысып, белсенді демалуға зор мүмкіндік берді.
Лагер жұмысының бірінші күні балалар өз сезімдерімен бөліскен «Майшам» дәстүрлі рәсімімен тәмамдалды.