ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 41 мектепте бизнес-кабинеттің ашылуы
15-11-2018 09:56
№ 41 мектепте бизнес-кабинеттің ашылуы

  2018 жылғы 14 қарашада мектепте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Халық банкі» АҚ-мен Павлодар қаласының денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 ЖОМ ынтымақтастығы аясында жаңа модификациялы мамандандырылған бизнес-кабинеттің салтанатты ашылуы өтті. Кабинеттің ашылуы Ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдығына орайластырылды. Кабинеттің ашылуына «Халық банкі» АҚ директоры Бойчин Анатолий Васильевич, БАҚ қатысты.

  Бүгінгі күні мектеп оқушылары үшін түрлі ғылымдарды, соның ішінде қаржылық сауаттылықты зерттеуге барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтары мен дизайны бар жаңа буын кабинеті мектепке қаржы сауаттылығы бойынша арнайы курс бағдарламасын толық көлемде жүзеге асыруға, зерттеулер жүргізуге және ғылыми жобаларды әзірлеуге, мектеп қабырғасында алғашқы қаржылық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

  Кабинетте «Халық банкі» АҚ қызметкерлерімен 10 - 11 сыныптардың 62 оқушысы үшін қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өтеді.

  А. В. Бойчин өз сөзінде негізгі қаржы ұғымдарына талдау жасау, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау, қаржыны басқару, бюджетті жүргізу, шығындарды жоспарлау, жинақтарды жинақтау және мүмкіндігінше борыштардан аулақ болу керектігін атап өтті және Теңгенің даму кезеңдері туралы айтты. Кабинетке Қазақстанның ұлттық валютасының енгізілуіне 25 жыл толуына арналған Кітаптар каталогын сыйға тартты.