ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Латын қарпі бойынша білімдері тексерілді
15-11-2018 13:33
Латын қарпі бойынша білімдері тексерілді

2018 жылғы14 қарашада Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінде «Рухани жаңғыру» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Диктанттың мақсаты – Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру.
Диктантқа қала мектептерінен 15 жастан жоғары2671 оқушы және 442 мұғалім қатысты.
Қатысушылар мәтін аудиосын тыңдай отырып, арнайы әзірленген парақтарда 77 сөзден тұратын диктант жазды. Диктанттың ұзақтығы 30 минутқа созылды. Диктант жазып болғаннан соң, әр қатысушы emle.kz., tilalemi.kz. сайттарына кіріп, дұрыс нұсқасы мен өлшемшарттарына сәйкес өзін-өзі бағалады.
Іс-шараны өткізбес бұрын барлық қатысушылармен алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде барлық қатысушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Диктантты бағалау критерийлері бойынша қатысушылардың 67 % диктантты «жақсы» және «өте жақсы» жаза білді.
Ағымдағы оқу жылынан бастап қаланың 11 мектебінде 300-ден астам оқушыларға «Латын қарпі негіздері» атты факультативтік курстаренгізілді. Факультативтерді жүргізетін қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне облыстық ЖШС «Ана тілі» орталығының ұйымдастыруымен латын қарпі бойынша бір айлық біліктілік арттыру курсы жүргізіліп, курс тыңдаушылары сертификатқа ие болды.
Бүгінгі күні мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасу ретінде ашық сабақтар өткізуде. Сабақ барысында оқушылардың латын қарпінтануы, латын қарпі бойынша жаза білу мен оқи алу дағдылары көрсетіледі.