ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық Президенттік олимпиада қорытындысы
19-11-2018 13:08
Республикалық  Президенттік  олимпиада  қорытындысы

  11 сынып оқушылары арасында математикалық-жаратылыстану циклының ХI Президенттік олимпиада республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы № 9 гимназия-мектебінің оқушысы Ульянова Майя химия бойынша III дәрежелі диплом иегері атанды.

  Майя химия бойынша оқушылардың 56-шы республикалық пән олимпиадасының облыстық турында III орын алды (2018 жыл), НИМ Академик Бектуров атындағы халықаралық химия олимпиадасының қатысушысы. 5 сыныптан химиямен қызығып жүр, қазіргі уақытта бұл пән оның әуестігіне айналды. Ол мектептеп бітірген соң, инженер мамандығын алып өзін осы мамандыққа арнағысы келеді.

  Республикалық Президенттік олимпиада 2018 жылы 13 - 16 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласында өтті. Олимпиада мақсаты-математикалық-жаратылыстану ғылымдары саласында дарынды оқушыларды қолдау және айқындау, қазақстандық интеллектуалдық таңдауларын қалыптастыру, білім берудің үздіксіз идеясын жүзеге асыру.