ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебі оқушыларының гран-приі
20-11-2018 00:09
Музыка мектебі оқушыларының гран-приі

  Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің өміріндегі қызықты оқиғалардың бірі - тәрбиеленушілерінің «The best in Kazakhstan» республикалық эстрадалық вокал және хореография конкурсына қатысуы болды.

  Жеке ән айту және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушылары вокалдық дайындық және сахналық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Конкурс қорытындысы бойынша Гран-при жүлдесінің иегері атанғандар: Жандильдина Аделия, 8 жас және Рауш Арианна, 13 жас. Олардың орындауларында Э. Калашникованың «Мир создадим», «Я танцую» әндері шырқалды, музыкасы мен сөзі А. Петряшеваныкі. Аделия 2018 жылы «Аstаnа Grand-Prix» ІІІ халықаралық конкурс-фестивалінде ІІ орынды иеленді, Арианна, «Мega festival kz» халықаралық конкурсының гран-при иегері (2018 жыл).

  «Конкурсқа қатысу - бұл жарқын және естен кетпес әсер алу, балаларымызды одан әрі шығармашылық және кәсіби өсулеріне ынталандыру»,- деді педагог Ксения Владимировна Миронец.

  Конкурс 2018 жылғы 18 қарашада «Шаңырақ» концерт залында өтті, ұйымдастырушылар – Павлодар қаласының «Assel production» шығармашылық орталығы болып табылады. Конкурс-фестивальдің мақсаты - жетекшілердің кәсіби шеберлігін арттыру, талантты жастарды олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруда қолдау. Фестивальге қатысуға «Аssel Production», «Vokal Аruzhan» (балалар продюсерлік орталығы) вокал студияларының шығармашылық ұжымдары,ансамбльдер, солистер және қала мекемелерінің көрскем-өнер ұжымы шақырылды. Әр ұжым мен орындаушы бір конкурстық композиция ұсынулары тиіс болды. Қойылымдар дауыс ырғағы мен музыкалық құрылымның тазалығы, репертуардың қиындығы, музыкалығы, әртістік, тембрдің әдемілігі мен дауыс күші, репертуардың орындаушының мүмкіндіктері мен орындаушының жас ерекшелігінің сәйкес келуі, сахналық кеңістікте еркіндігі, нөмірдің композициялық құрылысы бойынша бағаланды.