ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өз елінің тарихын білу
21-11-2018 00:27
Өз елінің тарихын білу

  2018 жылдың 20 қарашасында Павлодар қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектепте патриоттық тәлім-тәрбие беру, туған елдің тарихын жете білу, қазақ халқының батырларын мадақтау, мақтаныш сезімі мен халықты терең құрметтеу мақсатында Ұлы Отан соғысы және Ауғанстан жерінде болған соғыс жылдары тақырыбын қозғағанәскери-патриоттық әндер желісі бойынша қалалық деңгейде мектеп оқушылары арасында сахналанған байқау өтті. Аталмыш шара ардагер-педагог Аликов Рахымберді Жақиянұлының 100 жылдығына, Курск доғасында болған шайқастың 75 жылдыгына, Ленинград қоршауының азат болуының 75 жылдығына, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар құрметіне мемориалдың ашылуына арналды.

 Байқауға интернационалист-жауынгерлер, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар шақырылды. Бұл шараға қаланың 9жалпы орта білім беру мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары қатысты (№ 1, 4, 14, 18, 22, 25, 26, 29, 42).

  Байқау ережесі бойынша қатысушылар сахналық әндер орындады. Фестиваль қорытындысы бойынша, № 25 мектептің оқушысы Ахметбек Данияр «Ауғаннан хат», «Самалтау» әнімен, № 14 мектептің Газизов Мадияр, Кудайбергенова Дарина «А над Курском бой». 22 мектептің Айдархан Баян, Сағындық Малика, Сарсебек Али, «Ардагерлер», Прощание» әндерімен I-орынды жеңіп алды. № 4 мектептің оқушысы Лосева Дарья, «Помнят люди» әнімен, № 18 мектептің оқушыларының триосы «Закаты алые» әнімен, № 29 мектептің оқушылары Молдашева Мадина, Глебов Валерий, Стулова Алиса «Белый танец» әнімен II-орынға иелік етті. № 1 мектептің оқушылары Коцюбин Адам, Потихов Максим «Ветеранам Афгана» әнімен, № 26 мектептің оқушылары Маннаникова Анна, Колесников Артем «Афганский вальс», «Дан приказ» әндерімен, № 42 мектептің оқушылары Альжанова Дильназ, Нагимулина Эрика «Виват» әнімен III-орынды қаңжығаларына байлады.

  Ерекше үлгіде жасалған кубоктың авторы № 22 мектептің сурет және технология пәнінің мұғалімі Жампеисов Жанабай Жусупбекович. № 14, 25 мектеп «Жеңіс Қаруы» ауыспалы Кубогімен марапатталды. Қалалық ауған ардагерлері кеңесінің төрағасы Шарапатов Ғалымжан Гаусилович мектеп директоры Мамбетова Майра Қабиденқызын Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапаттады.

  Фестивальде соғыс жылдарындағы Курск шайқасы, Сталинград шайқас, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыс туралы бейнефильм көрсетілді.