ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көптілді білім беру: теория, тәжірибе, дағды» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция
04-03-2019 12:56

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ: ТЕОРИЯ, ТӘЖІРИБЕ, ДАҒДЫ»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2019 жылы 28 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Көптілді білім беру: теория, тәжірибе, дағды» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді (бұдан әрі - Конференция).

Конференцияда көптілді білім беруді дамытуға байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады.

Қатысуға жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждің ғалымдары мен оқытушылары, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мамандары, жалпы орта мектептердің, Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары мен басшылары шақырылады.

Конференцияның мақсаты көптілді білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, мәселелерді шешу жолдарын іздестіру үшін диалог алаңын құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларына арналған шеберлік сыныптары негізінде тәжірибе алмасу болып табылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

·        Көптілді білім беруді дамытудың теориялық аспектілері.

·        Көптілді білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар мен әдістемелер.

·        Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында көптілді білім беру принциптерін жүзеге асыру.

Конференция барысында келесі тақырыптар бойынша мастер-класс өткізу жоспарлануда:

·        Көптілді білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектепте оқытудың тиімді технологиялары мен әдістерін қолдану.

·        Көптілді білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектепте ОТҮ ұйымдастыру аспектілері.

·        Көптілді білім беруді енгізу жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері.

·        «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көптілді мәдениетті қалыптастыру.

Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция бағдарламасы келіп түскен өтінімдерге сәйкес қалыптастырылады.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 16 наурызына дейін қатаң түрде қосымша берілген формада өтінім беру қажет. Өтініммен бірге Сіз көлемі А4 форматындағы 8 беттен аспайтын мақаланы жібересіз. Мақала өтінімсіз қабылданбайды.

Қатысу түрі: күндізгі.

 

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Материалдар электронды түрде ұсынылады:мәтіндік редактор MS WORD; формат А4, негізгі шрифт – Times New Roman; кегль-14, жоларалық интервал – дара; стиль – қарапайым; туралау – мәтіннің еніне қарай; абзацтық шегініс – 1,0 см; барлық жиектер – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Жоғарыдан ортасында баяндаманың атауы көшірусіз, жартылай қалың бас әріптермен; одан әрі бір жолдан кейін, ортасында автордың аты-жөні және тегі (бір баяндамаға үш автор қатыспайды); одан әрі бір жолдан кейін, лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы (бар болса); одан әрі бір жолдан кейін ұйым, қала, авторлардың e-mail.Мақала мәтінінің алдында аннотация (2-4 сөйлем), кегль-12, тақырыбы жартылай қалың, курсив болуы тиіс. Одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиетке сілтеме-тік жақшада. Әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымал қоюға болмайды.

Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Суреттер, әшекейлер, фото суреттер TIFF немесе JPG кеңейтімі бар файлға енгізілген. Суреттер қол қойылуы керек.

Материалдар барлық талаптарды сақтай отырып редакциялануы тиіс. Ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімнен кеш (2019 жылдың 16 наурызы) ұсынылған мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді.

Ақпараттың шынайылығы үшін мақала авторлары толық жауап береді.

Барлық материалдар антиплагиатқа тексеріледі.

Өткізу орны мен күні: Павлодар қаласы, Майра көшесі,49/1 №25 ЖОМ, 2019 жылғы 28 наурыз.

Анықтама үшін байланыс: Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті, тел.: 8 (7182) 650525 ұ. т.: 87776700577 және білім беру бөлімінің сайты bilim-pavlodar.gov.kz, metod-goo@mail.ru.

Құрметті әріптестер!

Осы тіркеу формасын конференцияның үш тілінің бірінде толтыруларыңызды сұраймыз. (Сертификаттағы аты-жөні өтінім жіберілген тілде толтырылады). Барлық жолдар толтыру үшін міндетті

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылымиатағыжәнедәрежесі (бар болса)

 

Лауазымы

 

Жұмыс орны

 

Ұялы телефон нөмірі

 

E-mail

 

Конференция бағыты

 

Баяндамаатауы

 

Өтінімдітолтырукүні

 

 

 

 

1-қосымша

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

ҚОҒАМДА КӨПТІЛДІ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ

С.С. Сабитова

Директор

№66 жалпы білім беретін орта мектебі,

Павлодар қаласы, Sab-888@mail.ru

 

Аннотация

Мақалада көптілді білім беруді табысты жүзеге асыру үшін жағдай жасау және дамыту мәселелері ашылады. Бұл ретте авторлар педагогтардың үздіксіз білім беру, мектеп жұмысының негізгі бағыттарын жоспарлау, тілдік ортаны құру мәселелеріне маңызды рөл атқарады.