ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің инновациялық жұмысы туралы
16-04-2019 14:49

2019 жылғы 18 сәуірде сағат9.00 ден 12.00-ге дейін білім беру бөлімінің жоспарына сәйкесПавлодар қаласының № 7 ЖОМ (Жеңіс алаңы, 13)«Білім беруді бейіндеу жағдайындағы табысты тұлғаны қалыптастыру» атты инновациялық қызметінің қорытындысы бойынша қалалық сараптамалық кеңес өткізіледі.

         Аталмыш шара «Митап» форматында өткізіліп, пікірлес адамдар  тәжірибелерімен алмасады. Митаптың - істе, үйрен, бөліс, алмас деген 4 ережесі бойынша  № 7 ЖОМ-нің директоры Бекбосынова Х. В «Білім беруде табысты тұлғаны қалыптастыру», Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі - Матаев Берік Айтпаевич - «Заманауи мектепте  жеке тұлғаны қалыптастырудағы психологиялық аспектілері», Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Сарбасов Нұрлан Сагындыкович «Инновациялық мектепте жеке тұлғаны қалыптастыру үшін негізгі шарттар» тәжірибелерімен бөліседі. Спикерлердің қарастырып отырған сұрақтары бойынша «Open Space»технологиясын қолдану арқылы ашық сабақтар мен арнайы курстар өткізіледі.

            Эксперттік кеңестің қорытынды бөліміндеболжаудың, келешекті қалыптастыру мен болжауды құзіреттілік дамытудың құралы ретіндеФорсайт - сессия өткізіледі. Форсайт-сессияның өткізілуі үшін  заманауи білім берудің үш тренді беріледі:

«Өз құзыреттілігін жоғарлату үшін тәжірибелік нақтылы дағдыны қалыптастырып оқыту».

«Серіктестік – тиімді шешімді таратудың қайнар көзі».

«Smart-оқыту».

         Сессия барысында мектептің дамуындағы күтілген нәтижелердің мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері анықтлады, бәсекелестікке қабілетті  мектеп түлегін, оның бейнесін құрастыратын «жол картасы»,стратегиялық жоспар құрылады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі