ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шеберлер қаласы
16-04-2019 17:49
Шеберлер қаласы

          2019 жылғы 13 сәуірде балалардың шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және оқушылар мен ата-аналарды Павлодар қаласының мектептен тыс мекемелердің жұмысымен таныстыру мақсатында № 19 ЖОМ негізінде «Шеберлер қаласы» атты мәдени-ойын сауықтық іс-шара өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары - Роман Сергеевич Романов пен Нағашпек Қапарұлы Әубәкіров, №19 ЖОМ, балалар техникалық мектебі және «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ұстаздары болды.

     Мерекенің салтанатты ашылуынан кейін «Шеберлер қаласында» әр түрлі шығармашылық шеберханалардың алаңдарында жұмыс ұйымдастырылды. «Innovation» алаңында балалар техникалық мектебі, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы, № 19 мектебі өз тәрбиеленушілерімен оқушыларының жұмыстарының көрмесін ұсынды. «КазRobotStar» алаңында № 14, 19, 29, 36 мектептерінің оқушылары робототехника бойыншажарысқа қатысты. «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубы ұстаздарының шеберлік сағатын өткізген «Шығармашылық» алаңдаең көңілді, белсенді, шығармашылық атмосфера қалыптасты. Ата-аналар балаларының шағын туындыларын зор әуестілікпен жасауларын қызығушылықпен бақылады.

        Мерекенің қорытындысы бойынша робототехника жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Нұр Отан» партиясының дипломдарымен марапатталды. Іс-шараның барлық қатысушылары тәтті сыйлық - балмұздақ алды. Ата-аналардың алғыстары, балалардың жақсы көңіл-күйі шеберлер мерекесінің үздік көрсеткіші деп тануға болады.