ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың Балдаурендегі демалысы мен сауықтырылуы
17-04-2019 10:00
Оқушылардың Балдаурендегі демалысы мен сауықтырылуы

2019 жылы 9 сәуірде «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 67 оқушысына V ауысым басталды. 10 күн бойы «Шеберлер қаласында» оқушылар уақытша балалар ұжымдарында өмір сүруді, құрдастарымен және аға жолдастарымен қарым-қатынасты үйренеді. Оған тәрбиешілер мен вожатыйлар көмектеседі.  

Әр бір күн бір тақырыпқа арналады: денсаулық және спорт «SportfestBaldauren», рекордтар «Балдәуреннің тарихына өз атыңды қос», «Ән мен әнші», «Балдәурен - Production», патриоттар. «Мен, сен, ол, ол...» оқушылар «Снежный ком», «Магия», «Молекулалар», «Арқанмен жүру» отрядтарында өзара түсіністікке және команда құруға ойындар өткізді.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Біз СӨС үшін!» үгіт бригадаларының байқауы өтті, спорт нұсқаушысы Бекмағамбет Болат Бауыржанұлы басшылығымен жарыстар, спорттық іс-шаралар, ашық ауада қозғалмалы ойындар өткізіледі. «Таланттар шоуы» қызықты өтті. Қатысушылар көрермендерді бимен, әнмен, өлеңмен, қойылыммен, допты музыкамен ойнаумен, гимнастикалық этюдтармен қуантты. Патриот күні аясында «Сапқа тұрып, ұрыста күштірек» атты саптық ән байқауы өтті. Күн бойы балалар ән айтып, саптық тапсырмалар бойынша командаларды орындады. Орталықтың медициналық қызметкерлері сауықтыру шараларын жүргізеді - тұзды шахтаға, оттегі коктейліне, фиточаяға бару. Лагерь күні «Шам» релаксациясымен аяқталады. Шамның жанында  күн қорытындысы шығарылады, ұсыныстар айтылады және бір-біріне кеңестер беріледі.

«Бір ауысымда оқушылар «кішкентай өмір» сүреді және ажырасу кезінде, көп адамдар қайтадан келгісі келеді», - дейді орталық басшысы орынбасарының м. а. Хусаинова Гүлнар Сәбитқызы.