ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Латын графикасы бойынша қала мектептері оқушыларының жетістіктері
17-04-2019 16:16
Латын графикасы бойынша қала мектептері оқушыларының жетістіктері

2019 жылғы 13 сәуірде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған облыстық жаппай диктантқа облыстың 9 сыныптарының 1-ші кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 70-ке жуық оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары. Диктант Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен өткізілді. Диктанттың 1-ші кезеңі облыстың 9 сыныптарының 1500-ден астам оқушыларының қатысуымен 5 сәуірде онлайн режимінде өтті. Диктант өткізудің мақсаты - «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес бекітілген латын әліпбиін насихаттау.

Қатысушылар 40 минут бойы тест тапсырмаларын орындап, одан кейін латын графикасында диктант жазды. 2 жұмыстың қорытындысы бойынша үздік қатысушылар марапатталды. Павлодар қаласы мектептерінің 6 оқушысы диктант жүлдегерлері атанды. ІІ орынды № 25 ЖОМ оқушысы Базарбаева Дильназ, № 33 ЖОМ оқушысы Жеңіс Жадыра, № 35 ЖОМ оқушысы Аманжол Аружан, ІІ орынды № 13 ЖОМ оқушысы Ермұхамбет Ерғанат, № 28 ЖОМ оқушысы Марченко Татьяна, Кенжекөл ЖОМ оқушысы Алгужинова Альмира иеленді.