ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар мен жасөспірімдердің бардтық әндерінің IV аймақтық фестивалі туралы
18-04-2019 10:04

2019 жылғы 21 сәуір күні сағат 11.00-де Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде Жастар жылына арналған «Аккорды радуги - 2019» атты балалар мен жасөспірімдердің бардтық әндерінің IV аймақтық фестивалінің гала-концерті өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Павлодар қалалық білім бөлімі.

«Аккорды радуги - 2019» атты балалар мен жасөспірімдердің бардтық әндерінің IV аймақтық фестиваліні талантты әрі шығармашыл ойлайтын жастарды қолдауға, қазақстандық патриотизм мен азаматтықты дамытуға бағытталған. Фестиваль Қазақстан Республикасында авторлық әндер жанрын қолдауға және дамытуға, авторлар мен орындаушылардың кәсіби деңгейін арттыруға көмектеседі.

Фестивальге жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен колледждердің, қосымша білім мен тәрбие беру мекемелерінің оқушылары жас санаттары бойынша қатысады (12 жасқа дейінгі, 13 - 15 жастағылар, 16 -18 жастағылар, 19 - 25 жастағылар).

Фестиваль байқау негізінде екі кезеңмен өткізіледі: іріктеу кезеңі және гала-концерт.

Іріктеу кезеңі 15 - 20 сәуір күндері өтеді. Қатысушылар, ұжым немесе дуэт 2 әннен артық емес туындыны орындау үшін әннің мәтіні және авторлары көрсетіле отырып, angelok-nastya83@mail.ruэлектронды адресіне алдын ала өтінім береді. Тел: 87051651427.