Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бағдарламалау бойынша ІІІ қалалық жасөспірімдер олимпиадасы
24-09-2019 09:17
Бағдарламалау бойынша ІІІ қалалық жасөспірімдер олимпиадасы

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ІІІ қалалық жасөспірімдер олимпиадасының аясында 2019 жылы 21 қыркүйекте № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беретін мектепте бағдарламалау бойынша іріктеу туры өтті. Мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықты ынталандыру, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық әлеуетті дамыту үшін жағдай жасау, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.

Ең үздік программист атағы үшін Павлодар қаласының 9 жалпы білім беру мектептерінің 7 - 8 сынып оқушылары (К. Макпалеев атындағы мектеп, № 9 гимназия-мектебі, 2, 17, 21, 34, 37, 39, 38 мектептер) қатысты. Іріктеу турының қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. І орынды № 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы - Колодин Максим; ІІ орынды 34 ЖОМ 8 сынып оқушысы - Малыгин Максим мен № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Серкебаев Абдрахман, ІІІ орынды - Сералинов Асқар (№ 9 гимназия-мектебі), Ласковый Артем (№ 21 ЖОМ), Ақтан Әділет (№ 38 НОМ) алды. Ең жоғары ұпай жинаған және І орын алған үш оқушы 2019 жылдың қараша айында облыстық кезеңге қатысады.