ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Бастау» қалалық математикалық турнир туралы
25-10-2019 17:38

2019 жылы  28 қазанда сағат  9.00 -15.00 дейін № 34 ЖОМ (Лермонтов көшесі, 93/1) Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» республикалық  математикалық  турнирінің қалалық кезеңі өткізіледі.

  Мақсаты – оқушыларды жоғарғы деңгейдегі зияткерлік жарысқа дайындау, бастауыш сынып оқушыларының математикалық дарындылығын қолдау.

         Математикалық  турнирге қаланың 39 жалпы білім беру мектептерінен 159 оқушы қатысады.Турнир 2 турда өтеді – командалық  (ауызша) және жекелей (жазбаша). Орындар жеке беріледі- командалық  І тур қорытындысы бойынша , жеке орын- ІІ турдың жеке нәтижесінің қорытындысы бойынша.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломымен марапатталады. Ерекше нәтижесі үшін командалық біріншілікте Гран-при,жекелей біріншілікте «Абсолюттік жеңімпаз»- атағы беріледі.Барлық қатысушылар  сертификат алады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі.