ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Математика бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
11-11-2019 09:11
Математика бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Математика пәні бойынша облыстық жасөспірімдер  олимпиадасына  ең жақсы  білгірлер  атағына  олимпиаданың  аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен  жүлдегерлері, облыстың мамандандырылған мектебі мен Павлодар қаласының  жалпы білім беру мектептерінің 7 - 8 сыныптың  110 оқушысы қатысты.

Павлодар қаласының командасында - 8-сынып оқушылары  № 9 гимназия-мектебі Троян Леонид, № 16 лицей-мектебі  Семенов Александр, № 17 мектебі Смагин Александр, № 34 ЖОМ Бехтина Ангелина, № 36 ЖОМ Коноваленко Карина, № 38 ЖНМ  Борецкий Никита, № 34 ЖОМ  7 сынып оқушысы Абишев  Нариман. Олимпиада 2 тур бойынша өтті - теориялық (есеп шығару, тест) және  практикалық тур.

Олимпиада  қорытындысы бойынша ІІ орынға Семенов Александр (№ 16 лицей-мектебі), ІІІ орынға - Бехтина Ангелина, Абишев Нариман (№ 34 ЖОМ), Борецкий Никита (№ 38 ЖНМ) ие болды.

Математика бойынша жасөспірімдер олимпиадасы  2019 жылы 8 қарашада Павлодар  қаласының дарынды балаларға арналған № 3 гимназия мектебінде өтті. Мақсаты - таланты балаларды қолдау, шығармашылық қабілетін дамыту, математика пәніне  қызығушылығын ынталандыру.