ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу жылының соңғы қоңырауы
25-05-2020 12:49
Оқу жылының соңғы қоңырауы

 

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 25 мамырында соңғы қоңырау күніне арналған іс-шаралар Павлодар қаласының 43 жалпы білім беру мектептерінде 1-10 сынып оқушылары үшін қашықтық режимде өтті. Әр мектепте, әр сыныпта сынып сағаты форматында сынып жетекшілер, мұғалімдер тиісті іс-шараларын - оқу жылын қорытындылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. К. Аймағамбетов, Павлодар облысының әкімі А. Б. Сқаковтың құттықтаулары онлайн форматта жүргізілді.

Биылғы оқу жылын Павлодар қаласындағы 1 - 11 сыныптардың 45 мыңнан аса оқушысы, оның ішінде 11 сыныптардың 1150 түлегі және 9 сыныптардың 3326 түлегі аяқтайды. Түлектер қатарында - 11 сыныптың ішіндегі «Алтын Белгі» аттестатына 35 үміткер және үздік аттестатқа 30 үміткер.

Мектеп түлектері үшін 3 маусым күні «Birgemiz: Түлек - 2020» эгидасымен ашық аспан астында шектеулі ғана адамдар санымен және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен аттестаттарды табыстау рәсімі өтетін болады. 20 маусым мен 5 шілде аралығында 987 түлек ҰБТ тапсырады.