ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №37 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 37 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 17:21
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №37 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 37 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

Калиева Куляш Темиржановна,

биология пәні мұғалімі, биология-магистрі

 

Формирование интеллектуальных способностей учащихся через специальные курсы по биологии

Арнайы курс арқылы биология пәнінен оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту

     Кез келген оқу орнының ұйымдастырушылық, басқарушылық және мазмұнды - қызметінің алғышарттарын анықтайтын негізгі құжат – оның негізгі білім беру бағдарламасы.

  Зияткерлік және шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды пән олимпиадалары  мен ғылыми жобаларға жүйелі түрде дайындауға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға  бейімделген білім беру бағдарламасы осының негізінде жасалған.

    № 37 жалпы орта білім беру мектебінің білім беру бағдарламасы білім мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыруды анықтап, төмендегілерді қамтиды:

1.оқушылардың жалпы мәдениетін, олардың рухани, адамгершілік, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қалыптастырады;

2.оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін қанағаттандырады және дамытады, жеке тұлғаның өзін-өзі тануы үшін жағдай жасайды;

   3.оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, салауатты өмір  салтын  қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Инновациялық жоба оқушылардың облыстық және республикалық пәндік олимпиадалар мен биология саласындағы ғылыми жобалар конкурстарында бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру курсының арнайы бағдарламасын ұсынады.

Өзектілігі:

   Оқушылар республикалық, облыстық және қалалық пәндік олимпиада тапсырмаларын  орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды.  Өйткені тапсырмалар жалпы орта білім беру стандартынан тыс тереңдетіліп берілгендіктен аталмыш мәселелерді жою мақсатында  «Биология негіздері» атты 102 сағаттық арнайы курс бағдарламасын құрастырудың қажеттілігі туындады. Бұл бағдарламаның  оқушыларды пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындау барысында тиімділігі анықталды. Курс барысында оқушылар білімдерін ұштаумен қатар олар өздерінің потенциалды мүмкіндіктерін ашады.

Мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мақсаты:

      Жоғары сыныптар арасында зияткерлік пен шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтап, пән олимпиадалары мен ғылыми жобаларға жүйелі түрде дайындау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2.2.   Міндеттері:

·  жоғары сыныптар арасында зияткерлік пен шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтау;

·  пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;

·  дарынды балалардың оқу мотивациясын арттыру;

· оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері мен шығармашылық қабілеттерін  дамыту.

 

       Жобаның мақсатты тобы:Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің жоғары сыныптарындағы интеллектуалды және шығармашылық қабілеті бар оқушылар.

      Жобаның негізгі шешімі (жобаның жаңашылдығын көрсететін негізгі идеялары)

    Оқушы өзінің күш-жігері мен  танымдық, зияткерлік потенциалдарын қолданып, толық шығармашылықпен жұмыс жасайды.   Осылайша заман талабына сай, сын тұрғысынан ойлайтын бәсекеге қабілетті тұлғалардың қалыптасуына негіз болады. Биологиядан облыстық және республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба сайыстарында жүлделі орындарға ие болуды қамтамасыз етеді.      

4. Жобаның жүзеге асырылу кезеңдері:

1. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2016 жылдың 1 қыркүйегінен 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін

2. Жобаның кезеңдері

• дайындық (2016 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 27 қыркүйекке дейін)

• оқушылардың қабілеттері мен қажеттіліктерін анықтау

• арнайы курс бағдарламасын әзірлеу

3. Негізгі (2016 жылдың 1 қазанынан 2019 жылдың 30 мамырына дейін)

• арнайы курс бағдарламасын орындау

4. Қорытынды (2019 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін)

5. Жобадан күтілетін нәтижелер: Оқушылар өздерінің  танымдық және зияткерлік әлеуетін пайдалана отырып, толық шығармашылықпен жұмыс жасайды. Осылайша, қазіргі заманғы, сын тұрғысынан ойлайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.Сонымен қатар, биологиядан облыстық және республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба сайыстарында жүлделі орындарға ие болуды қамтамасыз етеді.