ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №122 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯ» МКҚК ГККП «ДОШКОЛЬНАЯ ГИМНАЗИЯ №122 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 17:46
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №122 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ГИМНАЗИЯ» МКҚК ГККП «ДОШКОЛЬНАЯ ГИМНАЗИЯ №122 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

  Алькеева Жанат Арманқызы, Бактыбаева Динара Мирамовна,

информатика мұғалімі ағылшын тілі мұғалімі

Тиімді оқытуда коллаборация қағидасымен құрылған «Компьютер Land» ағылшын тілі мен информатиканың кіріктірілген бағдарламасының тиімділігі

      Заманауи қоғамда техника, ғылым, өнер және тілдің бірігуі білім беру аясында жаңа жұмыс түрі – STEAM оқыту жұмысының пайда болуына әкелді. STEAM оқыту арнайы пәндерді жеке үйретпей, бір жүйеге кіріктіреді. STEAM: S – science; T – technology; E – engineering; A – art; M – mathematics немесе: жаратылыстану ғылымдары, технология, модельдеу, өнер, математика.

    Осы бағытты ұстана отырып, «EnglishClub» пен «Дарынды Players» сабақтарын біріктіріп өткізуді қарастырдық. Іздене келе 5-6 жас аралығындағы балаларға арналған «Компьютер Land» кіріктірілген бағдарлама құрастырдық. Бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекет мектепалды даярлық топтарында 36 тақырыпты қамтиды. Сабақ ұзақтылығы – 25 минут.

Бағдарлама мақсаты :

Компьютерді, заманауи мультимедиялық құралдарды қолдана алатын, ағылшын тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлей алатын заман талабына сай жан-жақты дамыған, ой ұшқырлығы озат бүлдіршін тәрбиелеу

Тақырыптың өзектілігі:

Кіріктірілген сабақтар оқыту үрдісінің үлкен бөлігіне айналып келе жатыр.

Осы сабақтардың өзектілігі – оқушылардың назарын аударып, зейінін тұрақтандыру, оқу және таным әрекеттерін дамыту, шығармашылық орта құру және өз пәнінің аясында шектеліп қалған оқытушылардың білімдерін жалпылау. Бұл бағдарлама әр түрлі пәндердің жалпыланған білімі мен дағдыларын бір тұтас әрекетке айналдыру.

Бағдарламаны құрудағы ұстанымдар:

-   жүйелік және үнемділік;

-   қарапайымнан күрделіге қарай үйретудегі бірізділік;

- кешенділік, пәнаралық байланыс (сауат ашу, математика, сурет, ағылшын тілі, айналамен танысу, тіл дамыту, т.б.);

-  жеке даралық: баланың жеке дара қабілетін ескере отырып, білім деңгейін дамытуға жағдай жасау;

-    баланың жетістігін көздеген педагог нысаны: әр берілген тапсырманы бала міндетті түрде орындап, жетістікке жетуіне жағдай туғызу.

Күтілетін нәтиже:

-  мультимедиялық технологияны меңгерген;

-  ағылшын тілінде еркін сөйлей білетін;

-  ағылшын тілінде ойын жеткізе алатын;

-  заманауи білім алу  үрдісіне бейім;

-  интеллектуалдық қабілеті дамыған;

-  ғылыми ізденіске құлшынысы бар;

-  шығармашыл  тұлға болып қалыптасады.

    Бағдарлама бойынша сабақтар әр алуан түрде өткізіледі: шағын ойындар, ертегі-сабақтар, саяхаттар, сайыстар, байқаулар және т.б. Негізгі әдістері – логикалық ойындар: сөзжұмбақтар, жұмбақтар, кроссвордтар, лабиринттер, жұбын тап, сыңарын тап, көлеңкелі ойындар, т.б. қандай да бір анықталған оқыту функцияларынан тыс балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу қабілетін, өз ойын, шешімін ашық, тура жеткізуге дағдыландыратын, қиялын, шығармашылығын дамытып, зейінін тұрақтандыратын, есте сақтау қабілетін бекітіп, қалыптан тыс ойлау қабілетін ұштауға арналған ойындар. Бұл ойындарды ойнау барысында балалардың компьютер және жаңа технологиялар құралдарын пайдалануда қол моторикасын дамытатынын ерекше атап өту керек. Балалар топта, басқа да сабақтарда ойнайтын ойындар, компьютерде, интербелсенді тақта мен интербелсенді столда ойналып, заман талабына сай жан-жақты дамыған, жаңа технологияларды меңгерген, ой ұшқырлығы озат бүлдіршін тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді.

   Бағдарлама бойынша балалар ағылшын тілі, компьютерлік сауат ашу, математика, сурет, тіл дамыту, айналамен таныстыру сабақтарында алған білімдерін қайталап, бекіте отыра, жас шамасына байланысты компьютердің негізгі бағдарламалары Paint графикалық редакторында, PowerPoint, Digi Touch, ActivInspire, BilimDesk бағдарламаларында жұмыс істеудің қарапайым әдістерін үйренеді, компьютерлік оқыту-дамыту бағдарламаларын қолданып, логикалық ойындар ойнайды.

   Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай үйірме жұмысында балалар компьютерде үздіксіз 10-15 мин көлемінде жұмыс істейді. Сондықтан әр сабақ екі кезеңге бөлінеді:

1. дидактикалық ойындар мен жаттығулар;

2. комьютердегі оқыту-дамыту бағдарламаларымен жұмыс.

   Шаршауды басу үшін сергіту сәттері және компьютердегі жұмыстың соңында көзге жаттығу жасау қарастырылған.