Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың қорытындысы
28-03-2024 18:11
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың қорытындысы

Ағымдағы жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты-бастауыш мектеп жасындағы балаларды анықтау, дамыту және қолдау, олардың математикадан  білімдерін тереңдету және кеңейту.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 44 команда құрамында 2-4 сыныптың 132 оқушысы қатысты. Павлодар облысынан  6 оқушы, құрамында 2 команда, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 3 оқушы қатысты: Останин Роман, Жетекші  мектебінің 2-сынып оқушысы, Ленинг Катриана, А.Байтұрсынов атындағы мектептің 3-сынып оқушысы, Станкеев Егор, №29 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

            Олимпиаданың республикалық кезеңі командалық жарыс түрінде үш турда өткізілді: 1 тур – «Әу, баста!» (командалық сынақ); 2 тур  «Көкпар» (командалық сынақ); 3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ).

            Олимпиаданың ерекшелігі – ол командалық есепті және жеке есепті қарастырады. Іс-шара қорытындысы бойынша командалық есепте Павлодар қаласыныңкомандасы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.                                                                                                                                                 

Жеке есепте II дәрежелі дипломға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Ленинг Катриана ие болды!

Жас жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!