Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білімге жол» зияткерлік марафоны
17-04-2024 17:48
«Білімге жол» зияткерлік марафоны

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2024 жылғы 17 сәуірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Білімге жол» қалалық зияткерлік марафоны  өткізілді.

Марафон оқу міндеттерін шеше алатын функционалдық сауатты шығармашылық тұлға ретінде өзін көрсете алатын балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді. Марафонға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 4-сыныптарынаң 21 оқушы қатысты.

Марафон шарттары бойынша қатысушылар математика, қазак тілі, орыс тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша жазбаша тапсырмаларды орындады.

Марафонның қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

І дәрежелі дипломды -  Қ.Мақпалеев ат.ЖОББМ оқушысы  Ахмет Әділхан   және №15 ЖОББМ оқушысы Пшенбаев Мадияр иеленді. 

ІІ дәрежелі диплом  №  15 ЖОББМ оқушылары Липко Милана, Салимжанов Равиль және № 21 ЖОББМОсипова Ульянаға берілді.

ІІІ дәрежелі дипломға  № 15 ЖОББМ оқушысы Сарсенбай Дамир, №29 ЖОББМ оқушысы Шост Лев және Кенжекөл ЖОББМ  оқушысы Писаренко Максим   ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды, марафон қатысушыларына  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді.