Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беру пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Павлодарлық оқушылар жеңімпаз атанды
25-04-2024 16:51
Жалпы білім беру пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Павлодарлық оқушылар жеңімпаз атанды

2024 жылғы 24 қаңтарда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңін өткізді: математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі, ағылшын тілі.

Олимпиадаға Павлодар облысының 12 оқушысы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 11, 38, 41, Шапық Шокин атындағы мектептердің төрт оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар күміс, қола марапатқа ие болды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІII дәрежелі дипломмен № 41 мектептің 5 сынып оқушысы Соколова Виктория және Шапық Шөкин атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Жукова София марапатталды.

Қазақстан тарихы пәні бойынша ІI дәрежелі дипломмен № 38 мектептің 5 сынып оқушысы Хайрат Жігер, ағылшын тілі пәні бойынша ІI дәрежелі дипломға № 11 мектептің 6 сынып оқушысы ие болды.

Степанян Арам - оқу озаты, бірнеше мәрте ағылшын тілі мен математикадан олимпиада жүлдегері. Сынып белсендісі. Еркін күрестен жарыстың қатысушысы және жүлдегері. Оқығанды, сурет салғанды ұнатады, бос уақытында волейбол және бадминтон ойнайды.

Хайратұлы Жігер №38 мектептің 5 сынып оқушысы. Еңбекқор және ізденімпаз, оқу қабілеті және танымдық белсенділігі жоғары оқушы. Абай оқуларының жеңімпазы, Е. Ерботин оқуларының Гран-при  иегері.

Жукова София - Ш. Шөкин атындағы 6-сыныптың ең озат  оқушысының  бірі. Оның сүйікті пәндері - орыс тілі мен әдебиеті. София пән бойынша мектеп және қалалық шығармашылық және зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегері. Ол мектеп концерттері мен оқырмандар байқауларының белсенді қатысушысы. София фортепианода ойнайды, көп оқиды және өзін жазушы ретінде сынап көреді.

Соколова Виктория - № 41 орта мектептің 5 сынып оқушысы. Бастауыш мектепті Мақтау қағазымен бітірді. Орта буында өзінің мектеп кезеңін сенімді бастады. «Маған бәрі қызықты», - дейді Виктория. Оның барлық әуестерін атап өту қиын: ән айту, би билеу, жүзу, баскетбол, ағылшын тілі, театр. Ол белсенді, қарым-қатынасқа қабілетті, ой-өрісі кең және өз бетінше білім алуға деген үлкен ұмтылысы бар. Ол жаңа білімге қызығушылық танытады, ол өзін шығармашылық қызметінде табысты жүзеге асырады, өйткені мектептегі оқуды болашақ ересек өмірдің іргетасы деп санайды. Оның ерекше қасиеттері: ақылды көзқарас, ересектік және әдепті ұстамдылық.