Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қала оқушылары облыстық кезеңде Абай шығармаларын білуде жарысты
02-05-2024 18:18
Қала оқушылары облыстық кезеңде Абай шығармаларын білуде жарысты

Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі –«Абай оқулары» 2024 жылғы 2 мамырда өткізілді.

Байқаудың мақсаты-ақын Абай Құнанбаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Оқуларға қалалық кезеңнің жүлдегерлері № 2, 17, 29,  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектептің, Мәшһүр Жүсіпатындағы (2), Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары қатысты.

Ережеге сәйкес конкурс алты бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның шығармаларын және Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған өз шығармаларының өлеңдерін жатқа оқыды.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша 7 оқушы І, ІІ, ІІІжүлделі орындарға ие болды.

Абай шығармалары бойынша «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша ІІІ орынды Б.Момышұлы атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Базарбай Мерейгүл;

Екінші бағытта «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін жатқа оқу бойынша  ІІІ дәрежелі дипломмен № 29 мектебінің 9 сынып оқушысы Сакенова Жанель;

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясында - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 мектептің 9 сынып оқушысы Қанағатқызы Толғанаймарапатталды.

       «Көңілім әнді ұғады» - әндер мен күйлерді орындаушылар байқауында                  І орынды № 17 мектебінің 11 сынып оқушысы Петрова Полина және ІІІ  орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей–мектебінің 8 сынып оқушысы Сейтбатталова Айзия иеленді.

        «Жүйріктен  жүйрік озар жарысқанда» - ІІІ орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Шахмарданов Темирлан иеленді.

«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша - І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Қайыргелді Ерасылиеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру  басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық «Абай оқулары» конкурсына қатысады.