Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
В.П. Никитенко атындағы XIII зияткерлік олимпиада қорытындысы
11-11-2019 09:19
В.П. Никитенко атындағы XIII  зияткерлік олимпиада қорытындысы

     Ағымдағы  жылдың 12 және 19 қазанында № 8 лицей-мектебінде В.П. Никитенко атындағы XIII Зияткерлік олимпиада өтті. Өткізілген  олимпиаданың мақсаты  информатика және математика бойынша  олимпиада қатысушыларының қорын құру және  аса жоғарғы деңгейде олимпиадаға оқушылардың дайындық жүйесін жетілдіру болып табылады. Олимпиада екі кезеңде өткізілді: 4- 6 сынып оқушыларына арналған математикалық  турнир  және 5-8 сынып оқушыларына арналған бағдарламалау бойынша командалық олимпиада.

      Бағдарламалау бойынша  командалық  олимпиада да 26 команда қатысты, сонымен қатар қаланың жалпы білім беру мектептерінен 2 команда қатысты, № 34 ЖОМ  7 - 8 сынып оқушылары және № 25 және  38 мектептің құрама командасы.

    Ұсынылған тапсырмалар бірқалыпты  күрделі. Көп ұпай жинаған команда олимпиада жеңімпазы болып есептелді. № 34 ЖОМ командасы  600 ұпайдан 470 ұпай жинап II орынға ие болды.

     4 - 6 сынып оқушыларына арналған математикалық  турнир  3 турда өтті: 1 тур – «Әу, баста» (жазбаша командалық ), 2 тур  - «Асық» (ауызша -командалық олимпиада), 3 тур – «Байга» (ауызша - жеке  олимпиада). Олимпиаданың екінші кезеңіне 31 команда, сонымен қатар  № 9, 11, 16, 17 (2), 25, 34, 38, 41, Б. Момышұлы атындағы мектептерден  30 оқушы 10 команда қатысты.

    Жазбаша  жеке тур қорытындысы бойынша 5 сынып оқушылары арасында № 34 мектептің 5 сынып оқушысы Таукин Егор ІІІ орынға ие болды.

    Ауызша командалық  тур   қорытындысы бойынша № 38 НЖББМ  құрама командсы  ІІІорын алды. Ауызша құрама тур қорытындысы бойынша. Сонымен қатар Құрметті грамоталармен № 9, 17, 25, 34, 38 мектеп оқушылары белгіленді.

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар № 8 лицей-мектебінің сертификаттарымен белгіленді.