Сенім телефоны
8(7182)626840
email: https://bilim-pavlodar.gov.kz/index/fromorg/127 garden142010@mail.ru
Мекенжайы: Торайғыр көш. 99/2
8(7182)620083 garden142010@mail.ru
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
07.00-19.00 сағ
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Б. Ахметов атындағы колледж студентеріне арналған облыстық семинар
29-04-2024 14:36
Б. Ахметов атындағы колледж студентеріне арналған облыстық семинар
29.04.2024 жылы "Павлодар қаласының №14 арнайы балабақшасы" КМҚК базасында Б.Ахметов атындағы колледж студенттеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинар "Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша жұмыс бағыттары" тақырыбында өтті. Семинарға тәрбиешілер мен педагог-психолог қатысты. 
Бірінші болып педагог-психолог - Асанаева Алия Жунусбековна - "Педагог - психологтың ПДК бар балалармен жұмыс ерекшелігі" тақырыбымен сөз сөйледі. Маман студенттерге оның жұмысында қолданылатын құралдар мен ойындарды көрсетті және болашақ мұғалімдермен ойнатты. 
Сондай - ақ, №14 арнайы балқашысының тәрбиешілері - Михайлева Светлана Николаевна, Цветкова Ирина Владимировна, Булатбаева Бибигуль Хамзиевна, Молдажанова Алмагуль Сапарбековна, Ажкенова Гульназ Сагатовна өз тәжірибелерімен бөлісті, оқытудағы көпқызметтік дамыту құралдары, театрлық әрекет, көркем сөз арқылы балалардың сөйлеуін дамыту, дидактикалық даму ойындары, ойлауды дамыту үшін және мектеп жасына дейінгі балаларды кешенді дамыту құралы ретінде нейрогимнастика туралы әңгімеледі. "Павлодар қаласының №4 сәбилер-бақшасы" КМҚК тәрбиешісі Альжанова Алмагуль Толеубаевна "Театрлық әрекет арқылы балалардың тілін дамыту" тақырыбында қатысты. 
Студенттер белсенді қатысып, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті және жаңа әдістері туралы білуге қуанышты болды.