Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Отты жылдар туралы менің оқыған сүйікті кітабым»
29-04-2024 14:37
«Отты жылдар туралы менің оқыған сүйікті кітабым»

Мектебімізде Readx форматында «Отты жылдар туралы менің оқыған сүйікті кітабым» атты кездесу өткізілді. Іс-шараны 10 «А» сынып оқушысы Айдын Айман жүргізді. Алаңда көтерілген негізгі тақырып – Ұлы Отан соғысы жайындағы көркем әдебиет. Іс-шара басында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жөнінде бейнебаян көрсетілді. Іс-шараға қатысқан спикерлер: ардагер ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Текжанова Ажар Төкенқызы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі, мектеп басшысы Камиева Бағлан Дүйсембекқызы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесі, ата-ана, Тайлакова Айзеренің әжесі Теміргалина Майра Хайриденовна Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» повесі, 10 «А» сынып оқушысы Ақтай Толғанай Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі туралы айтты. Кітапханашы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айтжанова Динара Қайырқызы мектеп кітапханасындағы көркем әдебиеттер туралы айтты. Readx алаңына шыққан спикерлер оқыған шығармаларының мазмұнын айтып, неліктен ұнағанын, өздеріне қалай әсер еткенін айтты. Балаларға оқуға ұсынды. Қатысушылар өздеріне ұнаған кітаптарына «Оқимын», «Ойланамын» деген белгілерді көтеріп отырды. Соңында оқушылардың барлығына да спикерлердің ұсынған кітаптары ұнады. Readx алаңының соңында Қуанов Темірлан мен Төкен Асанәлінің орындауында күй тартылды.