Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ 1-ШІ СЫНЫП АТА –АНАЛАРЫ!
31-03-2022 11:09
ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ 1-ШІ СЫНЫП АТА –АНАЛАРЫ!

Құрметті болашақ  1-ші сынып ата –аналары!

 

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес»

бірінші сыныпқа  қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың  1 сәуірінен бастап  1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

 

 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМ ДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ" МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН АЛУ

 

1 қадам:

Ата-анаға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажет

2 қадам:

Электрондық үкімет порталын ашу https://egov.kz

3 қадам:

Порталда egov.kz "БІЛІМ" бөліміне кіріңіз

4 қадам:

"БІЛІМ БЕРУ" бөлімінде "ОРТА БІЛІМ БЕРУ" бөлімшесін басыңыз»

5 қадам:

"Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы орта) құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" қызметін таңдау

6 қадам:

"Онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз»

7 қадам:

Дербес ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіру

8 қадам:

Тізбеге сәйкес құжаттарды жүктеу:

1. 3х4 фотосурет

2. 063/У нысан – Екпе паспорты,

3. 026/У-3 нысан – Баланың денсаулық паспорты

 (5-7 жас мектеп алдында, 1, 30 беттер)

9 қадам:

Құжаттарды жүктегеннен кейін ЭЦҚ қызметіне қол қою

10 қадам:

Құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны қарауға алу

11 қадам:

Бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке оқуға қабылданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі

12 қадам:

Оқуға қабылдау туралы бұйрық а.ж.  25 тамызынан ерте шығарылмайды.