Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қоғамға қызмет ету – жақсы игі істер жасау» жобасына қатысу
11-11-2019 11:19
«Қоғамға қызмет ету – жақсы игі істер жасау» жобасына қатысу

  Жануарларға қамқорлық көрсету жақысылық пен жанашырлықтың белгісі. А.Шопенгауэр айтуы бойынша: «Кімде кім жануарларға қатыгездікпен қараса, сол жақсы адам бола алмайды». Бұл нақыл сөздің шындығын айқындау мақсатында, біз қаламыздың жануарлар орталығында болып қайттық. Шынымен бұл орталықта жүрегі кең адамдар жұмыс жасайды. Жануарлар бағы таң қаларлықтай әсер қалдырады және одан да күшті. Бастау өзін-өзі тану мұғалімі, мектеп психологының Л.С. Овчарова ұсынысынан басталды. 8 Б сынып оқушыларына «Қоғамға қызмет ету – жақсы игі істер жасау» жобасына қатысуды ұсынған. Оқушылар өз белсенділіктерін танытып, жануарларды қорғаудан бастады. Себебі, қамқорлықты барлық тірі жан иесі қажет етеді. Көп ойланбай оқушылар қажетті тамақтар мен арнайы жемдер даярлады. Сонымен қатар, ата-аналар балаларымен бірге жануарларға  жем даярлап көмек көрсеткеніне алғыс білдіреміз.

Біздің науқан бойынша 9 «Б» сынып оқушылары өз белсенділіктерін танытып, қосымша көмек көрсетті. Комарова И, Годжиева Р, Загирова Р. Үлкен алғысымызды білдіреміз.

Қорыта келе, айтарымыз...осындай жақылық науқандары біздің мектепте дәстүрге айналса оқушылар үшін үлкен игі іс болар еді. Біз жақсылық жасау эстафетасын басқа мектеп оқушыларына жалғастыруды ұсынамыз. Л.Толстойдың сөзін жадымызда сақтағанымыз жөн: «Жақсылық жасау бұл өмірдегі басты құндылық».