Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
REDx жобасы аясында
25-04-2024 14:07
REDx жобасы аясында

2024 жылғы 23 сәуірде Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ-де REDx жобасы аясында іс-шара өткізілді. READx жобасының мақсаты – әртүрлі жастағы, кәсіптегі ең белсенді оқырмандарды мысалға ала отырып, кітап оқуды насихаттау. Бірақ оларды біріктіретін бір нәрсе – кітап оқуға деген сүйіспеншілік! READx жобасына қатысқан спикерлер: мектеп басшысының міндетін атқарушы Муканова А.М., 9 «А» сыныптың ата-анасы Аралова Г.К., қадірлі қонақ - Ақанова Бақыт Көпейқызы, 9 «А» сынып оқушысы Сембаева Жансулу, 10 «А» сынып оқушысы Жумагулова Назерке. Қатысушы спикерлер оқыған кітаптарын, басқа оқырманның оқуға деген қызығушылығын арттыруда көркем сөзбен шешендікпен жеткізе білу мақсатында ортаға шығып өз ойларымен бөлісті. Спикерлердің әрбір баяндамасынан кейін оқушылар: «Оқимын!», «Ойланамын!» деген карточкалар арқылы дауыс берді. Әрбір спикер үшін олар негізінен «Оқимын!» карточкаларын көтерді. Бұл спикерлер аудиторияны кітап оқуға деген оптимизмімен қызықтыра алғанын және кітап оқуды ұнататындар қатары жаңа жас оқырмандармен толығады деген үміт бар екенін көрсетеді.
Іс-шара өте қызу өтті, балаларды көп нәрсе қызықтырды, қызықты сұрақтар қойды. Келесі жобада спикер ретінде қатысамын дегендер көп болды!