Шахмат үйірмелерінің ашылуы туралы
Үйірмелер жұмысын ұйымдастыру үшін әр бір жалпы орта мектептерінде мамандырылған шахмат кабинеттері ашылды. Кабинеттер арнайы шахмат үстелдерімен, гроссмейстерлік сағаттармен және шахматтар жиынтығымен, әдебиеттермен, ойын үйренуге және ойын тактикаларын жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған.
Оқушылармен сабақтарды математика, физика, информатика және дене шынықтыру сабақтарының мұғалімдері қатарынан 43 педагогтар жүргізеді. Солардың ішінде – қала мұғалімдері арасындағы шахмат ойындарының қалалық және облыстық спартакиадасы шеңберіндегі бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.
Үйірмелер қызметін ұйымдастыруға қала бюджетінен 2017 жылы 38,2 млн. теңге бөлінді.
Үйірмелер қызметімен барлығы 2,5 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр.