Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсының І кезеңіне конкурс жариялайды
15-03-2024 10:20

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 26.12.2014 жылғы «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы» № 544 (өзгерістерімен 03.07.2023 ж. № 194) бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурстың өткізілетін мерзімі: 2024 жылғы 15-30 сәуір аралығы.

Конкурстың өткізілетін орны: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 422 кабинет .

Конкурс кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа құжаттарды қабылдау;

3) конкурстық комиссияның отырысын өткізу, конкурсқа қатысушыларды іріктеу;

4) конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша іріктеуден өткен білім беру ұйымының материалдарын конкурстың ІІ кезеңіне ұсыну;

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі мен орны: білім беру бөлімінің ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа құжаттарды қабылдау Павлодар қаласының білім беру бөлімінің кеңсесі, 10 терезе немесе 415-кабинет жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) 26.12.2014 жылғы № 544 бұйрықтың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдар.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8(718232-18-77,                8(7182) 61-60-85, электрондық мекенжайы: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz